Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 Қаулысы
(2015.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетiн кодтардың тiзбесi бекiтілсiн.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшін қажетті аэрофототүсiрiм, топографиялық материалдары бар орталық атқарушы органдар оларды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесi. ҚР Үкіметінің 2015.16.07. № 542 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.06.06 № 511 (бұр. ред. қара); 2007.28.10. № 1000 (бұр.ред.қара); 2008.03.09. № 818 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 855 (бұр.ред.қара) Қаулылармен; ҚР Үкіметінің 2014.13.09. № 980 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен
бекiтілген
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшiн
облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға
және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI