Медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 678 бұйрығы
(ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.02.04 ж. № 121 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 ж. 26 қарашадағы № 785 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңының 7-бабының 10-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары Ережесі бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрықпен бекітілген Ережеге сәйкес, меншік нысанына қарамастан медицина ұйымдарының жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
Денсаулық сақтау министрінің
"Медицина ұйымдарының өзара
іс-қимылдары Ережесін
бекіту туралы"
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 678 бұйрығымен
бекітілген
Медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары Ережесі (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі Заңды тұлғаларға таралады және Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жарамды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.02.04 ж. № 121 бұйрығымен 3-тармақ толықтырылды
3. Осы Ереже:
1) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалануды;
2) медициналық көмекке қолжетімділікті;
3) азаматтардың медициналық көмекке мұқтаждығын қанағаттандыруды;