Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
2003 ж. 8 қазандағы № 245-ө өкімі
(ҚР Премьер-Министрінің 12.01.04 ж. № 3-ө; 20.10.04 ж. № 309-ө
өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөнiнде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасы