Көзi: АҚШ Энергетика министрлігінiң деректерi, 2002-2003 жж.
Көзi: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
1.1.2. Астық рыногы
Астық жөніндегі Халықаралық Кеңес (АХК) сарапшыларының 2003/04 жылдарға арналған соңғы бағалауы Қытайда қорлардың неғұрлым елеулi қысқаруы кезінде астықты әлемдiк өндiрудің тұтынудан үдеп бара жатқан артта қалуын көрсетедi. ТМД мен Yндiстаннан экспорт көлемдерi 2002/03 жылдардағыдан айтарлықтай аз болатынын ескере отырып, бес негiзгi экспорттаушы елдердің қорлары импортқа төмендеген әлемдiк қажеттiліктердi қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болуы тиiс.
Ресей мен Украинадағы қолайсыз ауа-райы жағдайынан астықтың әлемдiк өндiрiсi болжамы 8 млн. т. (582 млн. т. дейiн) азайтылды. Бұл болжам 2002 жылы өндiрiлгенiнен 16 млн. т. көп, өйткенi Австралияда, Канадада және АҚШ-та өткен жылғы құрғақшылықтан кейiн өндiрiс қалыпты деңгейiне оралып келедi.
АХК-ның сарапшылары өткен жылдың болжамымен салыстырғанда, әлемдiк тұтыну көлемiнің 3 млн. т. 599 млн. т. дейiн, төмендеуiн болжамдайды. Бұл Еуропа мен ТМД-да бидайды мал азығы мақсатында пайдалануды төмендету салдарына айналды, ол оның дамушы елдердi азық-түлiк мақсатында өсуiн өтейдi.
2003 жылы астықты әлемдiк сату болжамы 99 млн. т. дейiн азайтылды, бұл 2002 жылға қарағанда 4 млн. т. төмен. Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс Азиядағы жақсы егiн шығымы осы өңiрлердiң импорттық қажеттіліктерін шектеуге мүмкіндiк бередi. Өз кезегінде ағымдағы жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы Еуропалық одақтағы (бұдан әрi - EO) жаңа импорт жүйесi сол сияқты EO-да импортты төмендету арқылы әлемдік саудаға әсер етедi.
1.1.3. Металдар рыногы
Түрлi-түстi металдардың әлемдiк рыногында ағымдағы жылғы маусымда мамырда байқалған бағаның өсу үрдiсi жалғасты. Юником Руф компаниясының макроэкономикалық зерттеулер орталығы талдаушыларының деректерi бойынша 2003 жыл мамырының қорытындылары алюминийге, мысқа, қорғасынға, никелге, болатқа және мырышқа бағаның артуымен сипатталды. Мамырда никельге әлемдiк баға сәуiрмен салыстырғанда 5,3 %-ға, алюминийге баға 5 %-ға дерлік өсті.
2002 жылдың осындай айымен салыстырғанда түрлi-түстi металдардың әлемдік рыногында 2003 жылғы мамырда никельге баға айтарлықтай артты (+23,2 %), сондай-ақ алюминийге (+4,1 %), мысқа (+3,3, %) және мырышқа (+0,8 %) баға шамалы көтерілдi.
Сарапшылардың пiкірi бойынша, орта мерзiмдi перспективада түрлi-түстi металдарға бағаның айтарлықтай өсуi күтiлмейді.
Экспорттық жеткiзілiмдердiң өсуi рыноктың қолайлы конъюнктурасына және әлемде болат өндірiсiнің ұлғаюына байланысты.
Темір мен болат халықаралық институтының есептеуіне сәйкес болаттың әлемдiк өндiрiсi 2003 жылғы мамырда рекордтық деңгейге дейiн 7 %-ға өсiп, 80,7 млн. т. құрады. Қаңтар-мамырда болат өндiру 2002 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,6 %-ға ұлғайды. Қытайда болат өндiру көлемi мамырда 20,9 %-ғa немесе 14,2 млн.т. ұлғайды. Ресейге болат өндiрiсi мамырда 6,9 %-ға өсiп, 5,3 млн.т. құрады.
Болжамдар бойынша, 2004-2005 жылдары әлемдiк рыноктарда қара металдарға сұраныс құлдырайды. Еуропалық және америкалық компаниялар 5-7 %-ғa пайданың төмендеуiн күтуде, ал кейбіреулерi шығынмен жұмыс iстейтiн болады.
2. 2002-2003 жылдарда Қазақстан экономикасының дамуын талдау
2002 жылдың екіншi жарты жылдығынан бастап ішкі және сыртқы факторлар еліміздің экономикасы үшін оптимистік сценарий бойынша қалыптасты. Соның нәтижесiнде 2002 жылы ЖIӨ-нің нақты өсуi 2001 жылмен салыстырғанда индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 7 %-дың орнына 9,5 %-ды құрады.
Мұнайға қолайлы әлемдiк конъюнктураның салдарынан оны өндiру индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 11 %-дың орнына 17 %-ға өстi. 2002 жылғы жаз бен күздегi қолайлы ауа райы жағдайы болжамдалғанынан 4 млн. тоннаға жоғары бидай астығын жинауға мүмкiндiк бердi. Тек екі фактордың есебiнен ЖIӨ-нің қосымша өсiмi 2002 жылы 1,6 %-ды құрады, өсiмнiң қалған 0,9 %-ы сабақтас салалардан алынды. 2002 жылдың қорытындысы бойынша негiзгi капиталға инвестициялар 2001 жылдың деңгейiне 19 %-ға (индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 20 % кезiнде) өстi.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары қарқындарының үрдiсi 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында да жалғасты. Осының салдарынан ел экономикасы мен өңiрлерiнiң барлық салаларының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердің оң серпiнi бар.
2002 жылдың бiрiншi жарты жылдығымен салыстырғанда ЖIӨ-нің нақты өсiмi 10,2 %-ды құрады. Өнеркәсiп өндiрiсiнің және жүк тасымалдарының көлемi 9,6 %-ға, ауыл шаруашылығынiкi - 5,2 %-ға артты, негiзгi капиталға инвестициялар 12,9 %-ға өстi.
Өндiрiстің нақты көлемiнiң өскен бiр уақытта ел қаржысының жай-күйiне экспорттық бағалардың жоғары деңгейi қолайлы әсер етедi. Өнеркәсiп өнiмiне бағалар өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 15,6 %-ға өстi. Бұл көбінесе мұнайға қолайлы конъюнктурамен қамтамасыз етiлген. 2003 жылдың алты айы iшiнде мұнайға трент маркасының орташа әлемдiк бағасы 1 баррель үшiн 28,9 долларды құрады, бұл орта есеппен 2002 жылы болғаннан 4 долларға жоғары және тұтастай алғанда 2003 жыл үшiн болжамдалып отырғаннан 3 долларға жоғары. Экономика салаларының өндiрiстiк-қаржылық қызметiнен рентабельдiлiк ағымдағы жылдың сәуiрiнде 29,8 %-ды, мамырда 22,9 %-ды, маусымда - 21,2 %-ды құрады. Салыстыру үшiн: 2002 жылғы қорытынды бойынша рентабельдiлiк 18,4 %-ды құрады.
Экспорттық бағалардың жоғары деңгейi ел қаржысының нығаюын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. 2003 жылғы 3 қыркүйектегi жағдай бойынша Ұлттық қордағы жинақтаулар 2,7 млрд. АҚШ долларын құрады, ал Ұлттық Банктiң алтын-валюта резервтерi 4,5 млрд. долларға жеттi.
Тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiнiң ұлғаюы халық табысының өсiмiне, сыртқы және iшкi сауданың дамуына қолайлы әсер еттi. Халықтың нақты табысы өткен жылдың бiрiншi жарты жылдығында 8%-ғa өсуiмен бағаланады, бөлшек тауар айналымы 9,9%-ға, тауарлар экспорты - 25 %-ға артты.
2003 жылдың 1-жарты жылдығында инфляция орташа жылдық есептеуде 6,7 %-ды құрады, бұл тұтастай алғанда 2003 жылы болжамдалып отырғаннан 0,3 %-ға жоғары. Ұлттық Банктi қайта қаржыландыру ставкасы 7,5 %-дан 7 %-ға дейiн төмендедi.
Шетел валютасының мол ағынына және доллардың құнсыздануына байланысты теңгенiң айырбас бағамын нығайту жүргiзiлуде. Егер 2002 жылы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа жылдық айырбас бағамы 153,5 теңгенi құраса, 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша оның орташа мөлшерi 152 теңгеге дейiн түсiп кеттi. Тұтастай алғанда 2003 жылы теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы 151 теңге мөлшерінде болжамдалып отыр.
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру уақтылы қамтамасыз етілдi.
Еуропалық Экономикалық Одақ пен АҚШ Конгресi Қазақстанды рыноктық экономикасы бар ел ретiнде таныды, бұл Қазақстанның сыртқы саудасында оң көрініс табады.
2002 жылғы қыркүйекте "Moody's Investors Service" рейтинг агенттiгi Қазақстанға инвестициялықтардың санатына жататын BaaЗ кредиттiк рейтингiн бердi.
2003 жылғы мамырда Standard & Poor's Rating Services агенттiгi Қазақстан Республикасының шетелдiк валютадағы мiндеттемелерi бойынша ұзақ мерзімдi кредиттiк рейтингiнің "ВВ"-дан "ВВ+"ға дейін, ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша кредиттік рейтингтердің "ВВ-/Оң/3"-дан "ВВВ-/Тұрақты/А-3"-ға дейiн артуы туралы жариялады, бұл Қазақстан экономикасының ықтимал мүмкiндіктерiн орнықты нығаюын көрсетедi.
2002 жылғы ақша базасы 208,1 млрд. теңгеге дейiн 19%-ға кеңейдi, ақша жиыны 764,9 млрд. теңгеге дейiн 32,8 %-ға, ал экономиканың монеталану деңгейi 17,7 %-дан 20,4 %-ға дейiн өстi. 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында ақша базасы 254,1 млрд. теңгеге дейiн 22,1 %-ға, ал ақша жиыны 892,3 млрд. теңгеге дейiн 16,7 %-ға кеңейдi. Алдын ала бағалау бойынша экономиканың монеталану деңгейi 22 %-ға дейiн өстi.