Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 21 қазандағы
№ 1067 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 10 қаңтардағы
№ 23 қаулысымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң)
лицензияланатын түрлерінің тiзбесi
1. Құрылысқа арналған iздестіру жұмыстары
1. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геодезиялық орталықтарын салу және қалау;
2) инженерлiк-гидрологиялық жұмыстар;
3) жоспарлы-биiктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желiлiк құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар.
2. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiрiп алу;
2) топырақты далалық зерттеулер;
3) гидрогеологиялық зерттеулер;
4) топырақты, жер асты суларын, негiздер мен iргетастарды зертханалық зерттеулер.
2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары
(сейсмикалық төзiмдiлiгi 6 баллға дейiн
және/немесе 6 баллдан жоғары аудандарда)
3. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу:
1) жоспарлау құжаттамасы (аудандардың, шағын аудандардың, кварталдар мен жекелеген учаскелердiң бас жоспарларын, егжей-тегжейлi жоспарлау, салу жобаларын);
2) көлiк схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол тораптары;
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
4) сумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
5) кәрiз желiлерiнiң схемалары;
6) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
7) энергиямен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
8) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерiнiң схемалары;
9) қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешендi схемалары.
4. Күрделiлiгі I немесе ІІ және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттарды сәулеттiк жобалау:
1) объектiлердiң бас жоспарларын, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобаларын;
2) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi;
3) тұрғын үйлердi;
4) қоғамдық үйлер мен ғимараттарды;
5) үйлер мен ғимараттарды (тарих және мәдениет ескерткiштерiнен басқа) қайта жаңартуды және қалпына келтiрудi.
5. Құрылыстық:
1) негiздер мен iргетастарды;
2) бетонды және темір-бетонды құрастырмаларды;
3) тасты және шегенделген тасты құрастырмаларды;
4) болат және алюминий құрастырмаларды;
5) ағаш құрастырмаларды;
6) үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi, қайта жаңғыртуды, құрастырмаларды нығайтуды жобалау мен құрастыру.
6. Инженерлiк:
1) жылыту, желдету, кондиционермен желдету;
2) сумен жабдықтау және кәрiз;
3) жылумен жабдықтау;
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
5) төмен қысымды газбен жабдықтау;
6) орташа қысымды газбен жабдықтау;
7) жоғары қысымды газбен жабдықтау
8) салқын ауамен жабдықтау;
9) 0,4 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
10) 10 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
11) 35 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
12) 110 кВ-ға дейінгі электр энергиясымен жабдықтау;
13) 220 кB-ғa дейiнгi және одан жоғары электр энергиясымен жабдықтау;
14) электр жарығымен жабдықтау, электрмен жылыту;
15) технологиялық процесстердi автоматтандыру;
16) тогы әлсiз құрылғылар жүйелерi мен тораптарын жобалау.
7. Жобалардың арнайы:
1) қоршаған ортаны қорғау;
2) еңбектi қорғау;
3) тот басудан қорғау;
4) жаңа құрылысты жобалау, үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу әрi қайта жаңғырту кезеңіндегі өрт-күзет дабылы, өрт сөндiру мен өрттен қорғаныш автоматикасы, жүйелерi;
5) сметалық құжаттамалары;
6) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргiзу жобалары (ЖЖЖ)бөлiмдерiн әзiрлеу.
8. Технологиялық жобалау:
Қоғамдық үйлер мен ғимараттар (3 қабатқа дейiнгi, 5 қабатқа дейiнгi, 9 қабатқа дейінгі, 9 қабаттан жоғары):
1) мектепке дейiнгi білім беруге, білім беруге, кадрлар даярлауға арналған ғимараттар, ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқару органдарына арналған ғимараттар, мәдени-ағарту және көрермендiк мекемелер ғимараттары, әртү
2) денсаулық сақтауға арналған үйлер мен ғимараттар;
3) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт пен демалысқа арналған үйлер мен ғимараттар;
4) сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған ғимараттар;
5) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған үйлер мен ғимараттар;
6) коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiкке арналған үйлер мен ғимараттардан басқа).
Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер:
1) электр энергетикасы кәсiпорындары;
2) отын өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
3) газ және мұнай өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
4) газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
5) тау-кен өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
6) химия және мұнай химиясы кәсiпорындары;
7) химия және мұнай-химия машиналарын жасау кәсiпорындары;
8) қара металлургия кәсiпорны, түсті металлургия кәсiпорындары;
9) станок жасау, станок құралдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары, автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындары, құрылыс, жол және коммуналдық машиналарын жасау кәсiпорындары;
10) ауыр машина жасау кәсiпорындары, энергетика машиналарын жасау кәсiпорындары, көлiк машиналарын жасау кәсiпорындары, кеме жасау өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
11) темір жол көлiгi, авиация, су көлiгi кәсiпорындары;
12) байланыс құралдары өнеркәсiбi, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасы құралдарын өндiру кәсiпорындары;
13) электр техникасы өнеркәсiбi кәсiпорындары, прибор жасау өнеркәсiбi кәсiпорындары, радиотехника өнеркәсiбi кәсiпорындары;
14) тамақ, ұн-жарма тарту өнеркәсiбi кәсiпорындары;
15) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбi кәсiпорындары;
16) бөгеттер, бөгесiндер, басқа да гидротехникалық ғимараттар;
17) ағаш өңдеу кәсiпорындары;
18) шыны кәсiпорындары;
19) полиграфия кәсiпорындары;
20) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
21) құрылыс индустриясы кәсiпорындары;
22) мұнара және дiңгек үлгiсіндегі ғимараттар мен құрастырмалар;
23) көтергiш құрылғылары.
Байланыс объектiлерi мен ғимараттары:
1) байланыс, радио және теледидар желiлерi;
2) жалпы республикалық магистральдық байланыс және телекоммуникациялар желiлерi;
3) халықаралық байланыс және телекоммуникациялар желiлерi.
Ауыл шаруашылығы объектiлерi.
Көлiк құрылысының объектiлерi мен ғимараттары:
1) темір жол көлiгiнiң қатынас жолдары;
2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдары;
3) автомобиль жолдары;
4) қалалық электр көлiгi;
5) су (теңiз немесе өзен) көлiгi;
6) әуе көлiгi;
7) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
3. Сараптама жұмыстары
9. Жобалары мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызметтер көрсету рыногы субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлiмдерiне сараптама.
10. Қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың жұмыс iстеуiнiң берiктiгi мен орнықтылығын бағалау:
1) үйлер мен ғимараттардың техникалық жай-күйiн тексеру;
2) инженерлiк жүйелер мен коммуникацияларды тексеру.
4. Құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен құрастырмаларын өндiру
11. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндiру (терезе мен есiк блоктарын қоспағанда):
1) үйлер мен ғимараттардың тiреу әрi қоршау құрастырмаларында қолданылатын бетон және темір-бетонды;
2) желдеткіш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтарды;
3) металдардан, өндiрiс қалдықтары негiзiнде полимерлік және композиттік материалдардан;
4) кесiлген жұмыр ағаштан.
12. Құрылыс құрастырмаларын өндiру (терезе мен есiк блоктарын қоспағанда):
1) мұнара-діңгек үлгiсіндегі, түтiн шығару мұржалары;
2) көпiрлер мен көпiр өткелдерi;
3) көлемi 5000 м3 дейiнгi резервуарлар мен сыйымдылықтар;
4) қысыммен жұмыс iстейтiн немесе жарылу-өрт қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдар сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
5) тiреу әрi қоршау;
6) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың детальдары.
13. Асфальт-бетон қоспаларын өндiру.
14. Мамандандырылған зертханаларда өнiм сапасын бақылау.
5. Құрылыс-монтаж жұмыстары
(сейсмикалық төзiмдiлiгi 6 баллға дейiн
және/немесе 6 баллдан жоғары аудандарда)
15. Жер жұмыстары.
16. Топырақтағы арнайы жұмыстар:
1) бұрғылау;
2) жарылыс жасау;
3) су асты техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
4) мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жұмыстар;
5) гидромеханикаландырылған жұмыстар;
6) сүзiлуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекіту, жер асты суының деңгейiн төмендету;
7) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу.
17. Үйлер мен ғимараттардың күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi тiреу әрi қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
2) 5000 м3-қа дейiнгi болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн немесе жарылу-өрт қаупі бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
4) мұнара және діңгек үлгісіндегі құрылыс құрастырмаларын, түтiн мұржаларын монтаждау;
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреу құрастырмаларын монтаждау;
6) көтергiш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
7) металлургия, мұнай-химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен өзге де технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
8) құйма бетон және темір-бетон құрастырмаларын орналастыру;
9) негіздемелер мен iргетастарды орналастыру;
10) қада қағу жұмыстары;
11) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды монтаждау;
12) тас, кiрпiш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру;
13) қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
14) ағаш тiреу құрастырмаларын монтаждау;
15) шатыр жабу жұмыстары.
18. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары:
1) мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық тораптары;
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк тораптары;
3) газ құбырларының магистральдық тораптары;
4) скважиналарды жайластыру;
5) кернеуi 35 кВ дейiнгi электр тарту магистральдық желiлерi;
6) кернеуi 110 кB дейiнгi электр тарту магистральдық желілepi;
7) кернеуi 220 кВ және одан жоғары электр тарту магистральдық желілерi;
8) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектiлерiн газдандыру;
9) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
10) түтiн шығару мұржалары, күш тiректері, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
11) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
12) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
13) технологиялық шыны құбырларды монтаждау;
14) түстi металдардан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
15) полимерлі материалдардан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
16) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық магистральдық желілерi;
17) байланыс пен телекоммуникациялардың халықаралық желiлерi;
18) мұнай, мұнай өнiмдерi мен сұйытылған газдардың қоймалары.
19. Сыртқы инженерлiк тораптар мен ғимараттарды орналастыру жөніндегі жұмыстар:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
2) жылу тораптары;
3) төменгi қысымды газбен жабдықтау тораптары;
4) орта қысымды газбен жабдықтау тораптары;
5) жоғары қысымды газбен жабдықтау тораптары;
6) сумен жабдықтау және кәрiз тораптары;
7) электр жарығын орнату;
8) электрмен жабдықтау тораптары;
9) темір жол қатынасы жолдарының электрмен жабдықтау желiлерi;
10) әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электр жарығын тарту желілері;
11) байланыс, радио, теледидар желiлерi.
20. Iшкi инженерлiк желілердi орналастыру жөніндегі жұмыстар:
1) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
2) электрмен жабдықтау;
3) жылумен жабдықтау;
4) газбен жабдықтау;
5) сумен жабдықтау, кәрiз;
6) электр жарығы;
7) байланыс, радио, теледидар;
8) электрмен жылыту.
21. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі жұмыстар:
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етiп қымтау;
3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
4) құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, тым уытты су әсерi кезiнде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, тоттанудан сақтау;
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық сақтау.
22. Сылау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттардың құрылысын салу, қайта жаңғырту, күрделi жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары:
1) сыртқы;
2) iшкi.
23. Жол салу жөніндегі жұмыстар:
1) темір жол тармақтарына арналған негiздер;
2) темір жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
3) республикалық маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны;
4) жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, iшкi шаруашылық автожолдардың негiздерi мен жабыны;
5) қалалық жол тораптарының негiздерi мен жабыны;
6) жолдарды жайластыру, жолдардағы шағын жасанды ғимараттар;
7) әуежайлардың ұшу-қону алаңдарының негiздерi мен жабыны;
8) тiкұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
24. Технологиялық жабдықтарды монтаждау:
1) көтеру-көлiктiк, лифтiлер;
2) металл өңдеу;
3) ағаш өңдеу;
4) ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
5) металлургия;
6) бұрғылау;
7) мұнай кәсiпшiлiгi;
8) газ кәсiпшiлiгi;
9) геологиялық барлау;
10) тау-кен-шахта, метрополитендер мен тоннельдер;
11) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
12) бақылау аварияға қарсы қорғау мен дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
13) жылу-қуат жабдықтары;
14) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткiштер;
15) темір жол көлiгіндегі байланыс, дабыл, орталықтандыру және ажырату құрылғылары мен жабдықтары;
16) электр пештерi;
17) газды тазарту;
18) технологиялық металл құрастырмалары;
19) технологиялық құбырлар;
20) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар;
21) қазандық қондырғылар мен көмекшi жабдықтар;
22) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу приборлары;
23) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
24) көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары;
25) су-электр стансалары мен гидротехникалық құрылыстар;
26) жылу электр стансалары;
27) байланыс кәсіпорындары;
28) құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындары;
29) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
30) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары;
31) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттары;
32) астықты өңдеу жөніндегі кәсiпорындар мен астық қоймалары.
25. Технологиялық жабдықтарды iске қосу-реттеу жұмыстары:
1) көтеру-көлiктiк, лифтiлер;
2) металл өңдеу;
3) ағаш өңдеу;
4) уату-ұнтақтау, байыту және агломерация;
5) металлургия;
6) бұрғылау;
7) мұнай кәсiпшiлiгi;
8) газ кәсiпшiлiгi;
9) геологиялық барлау;
10) кен-шахта, метрополитендер мен тоннельдер;
11) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
12) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
13) жылу-қуат;
14) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткiштер;
15) темір жол көлiгіндегі байланыс, дабыл, орталықтандыру және ажырату құрылғылары мен жабдықтары;
16) электр пештерi;
17) газды тазарту;
18) технологиялық металл құрастырмалары;
19) технологиялық құбырлар;
20) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар;
21) қазандық қондырғылары мен көмекшi жабдықтар;
22) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу приборлары;
23) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
24) көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары;
25) гидроэлектр стансалары мен гидротехникалық ғимараттар;
26) жылу электр стансалары;
27) байланыс кәсiпорындары;
28) құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
29) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
30) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары;
31) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттары;
32) астық өңдеу жөніндегі кәсiпорындар мен астық қоймалары.
26. Сылау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу мен қайта жаңғырту кезіндегі жөндеу-құрылыс жұмыстары;
1) үйлер мен ғимараттардың тiреу және қоршау құрастырмалары (есептеу схемасын өзгертпей);
2) шатыр жабындылары және құрастырмалары;
3) сыртқы және iшкi инженерлiк тораптар (газбен жабдықтаудан басқа); 4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да тұрақты тасымалдағыш құрылғылар;
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және тағы басқа); қорғаныш жабындылары;
6) республикалық маңызы бар автожолдары;
7) жергiлiктi маңызы бар автожолдары, шаруашылық ішкі автожолдары;
8) қала жолдары тораптары;
9) темір жолдары;
10) тоннельдер;
11) гидротехникалық және гидромелиоративтiк құрылыстары;
12) лифтiлердi, көтеру көлiк құрылғылары мен ғимараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
13) сыртқы және iшкi әрлеу;
14) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
27. Үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғырту және құрастырмаларды нығайту.
28. Қолданыстағы үйлердi, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылыс құрастырмаларын бөлшектеу.
29. Жұмыстар мен қызметтер көрсету субъектiлерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау.
құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеу.
30. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтiк қызметтер көрсету:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы консультациялық, ақпараттық-анықтамалық, делдалдық қызметтер көрсету;
2) жұмыстар (қызметтер көрсету) сатып алу жөніндегі конкурстарға, саудаларға қатысуға арналған құжаттаманы дайындау;
3) жұмысшы кадрлары мен мамандарды аттестаттау;
4) құрылымдық бөлiмшелердiң және мердiгерлiк ұйымдардың күштерiмен құрылыс өндiрiсiн ұйымдастыру;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдiрушi заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын тексеру;
6) лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) беретiн материалдардың (құжаттардың) техникалық аудитi мен сараптамасы;
Ескерту: Лицензиаттың (лицензия алуға талапкердің) біліктiлiк талаптарының расталуына қарай лицензиар сейсмикалық аудандастыру және ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың күрделiлiгi жөнiнде шектеу белгiлеуi мүмкiн.