Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 ж. 8 қазандағы № 366 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңын iске асыру сондай-ақ акциздердi әкiмшiлiктендiрудi жақсарту және мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетi (М.Н.Ысқақов):
1) бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны мен мазутқа iлеспе жүкқұжаттарын бланкiлерiн әзiрлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасымен (филиалымен) шарт жасассын;
2) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеуге тапсырысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында (филиалында) орналастыруды қамтамасыз етсiн;
3) мұнай өнiмдерiн мұнай өндiрушiлердiң, мұнай жеткізушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың назарына мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi үшiн ақша аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының (филиалының) есеп шотының деректемесi жеткiзiлсiн;
4) бiр ай мерзiмiнде мұнай өнiмдерi атауларына (маркаларына) жеке дараландыру нөмiрлерiн - кодтар беру ережесi әзiрленсiн;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуге жiберiлсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң м.а.
Қаржы министрінің м.а.
2003 жылғы 8 қазандағы
№ 366 бұйрығымен
бекітілген
Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi
1. Жалпы ережелер