Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді
жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрінің 2003 ж. 20 қазандағы № 766 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығымен күші жойылды
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарды профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.