Қазақстан Республикасында балаларға амбулаториялық-емханалық көмекті одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы № 760 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. а. 2014 жылғы 2 қазандағы № 112 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар туралы Ереже бекітілсін.
2. Облыстық және Алматы және Астана қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрықты назарға және орындауға алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 17 қазандағы
№ 760 бұйрығымен
бекітілген
Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек
көрсететін ұйымдар туралы
Ереже
Осы бұйрық "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және амбулаториялық жағдайда емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медицина ұйымдары қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін балаларды алдын алуға, аурушаңдықтың, балалар мүгедектігінің, нәрестелік және балалар өлімінің деңгейін төмендетуге бағытталған қолжетімді және сапалы бастапқы медициналық-санитарлық, білікті және мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
2. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек перзентханадан шыққан күннен бастап 14 жасты қоса алғанда (14 жас, 11 ай, 29 күнге дейін):
1) қалалық балалар емханасында, емхананың балалар бөлімшесінде;