Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен
көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлінің 2003 ж. 20 қарашадағы № 856 қаулысы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 Бұйрығымен күші жойылды
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2003 жылғы 18 қараша
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдері бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) және республикалық медицина ұйымдарының бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.