Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін
табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі балық
шаруашылығы комитеті Төрағасының 2003 ж. 2 желтоқсандағы № 26-п бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005.12.09 № 16-6/64п Бұйрығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілік телімдерді бекіту және балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысының 9 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
Балық шаруашылығы комитетінің
2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 26-п
"Балық пен басқа су жануарларын
аулау лимиттері мен квоталарын
бөлу үшін табиғат пайдаланушының
рейтингтік бағасын анықтаудың
Ережелерін бекіту туралы"
бұйрығымен бекітілген
Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері
мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының
рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері
1. Осы Ережелер арқылы конкурстық (тендерлік) комиссия балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтайды.
2. Табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасы олардың көрсеткіштеріне байланысты (осы Ережелердің № 1 қосымшасы) төмендегідей анықталады:
1) 100 пайызға теңестірілген максималдық бағалау көрсеткіші және табиғат пайдаланушылардың сапалық көрсеткіші маңыздылығына қарай бөлінеді;
2) берілген өтінімге сәйкес табиғат пайдаланушылардың көрсеткіш саны;
3) конкурстық (тендерлік) комиссия мүшесінің 10-баллдық жүйемен бағаланған бағасы;