1. Құны: 256513 мың теңге (екi жүз елу алты миллион бес жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Кеден органдарын автоматтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 7 қазандағы № 472-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жаңарту және дамыту, жаңа кедендiк ақпараттық технологиялар енгізу, кеден алымдары мен төлемдерiнiң бюджетке аударымдарын арттыру мақсатында кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүк декларациялары электронды көшiрмелерiнiң деректер қорын орталықтандырып қалыптастыру, қалыптасқан қорлардың негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға ұсынуға арналған негiзгi көрсеткiштерiнiң мониторингi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйеге ақпараттық технологияларды енгізу, кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенi одан әрi дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: КААЖ жүйелiк-техникалық тұғырнамасының сенiмдiлiгi мен өнiмдiлiгiн арттыру, статистикалық деректердiң сенiмдiлiгi мен талдау шешiмдерiнiң сапасын арттыру үшiн жаңа кедендiк ақпараттық технологияларды енгізу, мемлекеттік басқару органдарына арналған статистикалық деректерге автоматтандырылған қол жеткізудi ұйымдастыру, КААЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң функционалдық мүмкiндiктерiн кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
408-қосымша
619 - Қазақстан Республикасының Кeдендiк бақылау агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн салу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 2821350 мың теңге (екi миллиард сегiз жүз жиырма бiр миллион үш жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының бүкiл периметрi бойынша шекара маңындағы басым кеден бекеттерiн және кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн дамыту, халықаралық тасымалдарға қызмет көрсету құрылымын жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының шекарасында өткізу пункттерi мен кедендiк инфрақұрылым объектiлерiнiң, оның iшiнде кедендiк темiржол терминалдарының құрылысын салу және жайластыру.
ҚР Үкіметінің 12.08.04 ж. № 847 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 12.08.04 ж. № 847 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Шығыс Қазақстан облысының "Ауыл", Оңтүстiк Қазақстан облысының "Ғани Мұратбаев", Қостанай облысының "Обаған", Солтүстiк Қазақстан облысының "Қарақоға", Павлодар облысының "Шарбақты" 5 бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiнiң, Шығыс Қазақстан облысының "Бақты" кеденi кедендiк ресiмдеу залының, Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы қызметтiк иттерге арналған питомниктiң, Астана қаласында 100 орындық жатақхананың, Алматы облысы "Достық" кеденiнiң тексеру алаңы мен уақытша сақтау қоймасының , Астана қаласындағы кеден бекетiнiң Кедендiк ресiмдеу орталығының, Павлодар қаласындағы кеден бекетiне Кедендiк ресiмдеу орталығына жапсаржайдың құрылысын салуды аяқтау және пайдалануға беру. Павлодар облысының 2 "Ертіс", "Найза" кеден бекеттерiн электрлендiру.
Алматы облысының "Достық" кеденiнде тұрғын үйдiң құрылысын салу бойынша (сметалық құнының 50%), Алматы қаласында оқу-әдiстемелiк орталықтың құрылысын салу бойынша (сметалық құнының 50%), Алматы облысының "Достық" станциясында халықаралық "Достық" кедендiк темiржол терминалының құрылысын салу бойынша (сметалық құнының 70%) , Ақтөбе Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден бекетiнiң құрылысын салу бойынша" (сметалық құнының 75%) құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемiн орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
409-қосымша
619 - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 16930 мың теңге (он алты миллион тоғыз жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Президенттiң Қазақстан халқына 1997 жылғы 10 қазандағы Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы; "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жағынан жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанасына кедендiк тексерудiң сапасын жақсарту.
ҚР Үкіметінің 01.12.04 ж. № 197ав қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту, кедендiк бақылаудың сапасын жақсарту.