2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 12.08.04 ж. № 847; 01.12.04 ж. № 197ав
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 406, 407, 408, 409-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
406-қосымша
619 - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 6508290 мың теңге (алты миллиард бес жүз сегіз миллион екi жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексi, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi № 1358 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптауды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 453 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден органдарын автоматтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 7 қазандағы № 472-ө өкімі; Қазақстан Республикасының стандарты 7.0-99 "Қазақстан Республикасының аккредитациясы жүйесi. Негiзгi ережелер", Қазақстан Республикасының стандарты 3.2-94 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесi. Сертификаттау органдарына қойылатын талаптар және оларды аккредитациялаудың тәртібі".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы кеден органдарының бақылаулық және қазыналық функцияларын iске асыру, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық, білімдерiн, бейiмдiлiктерi мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Кадрларды даярлау және қайта даярлау. Кедендiк сараптама жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау, кедендiк бақылаудың тиiмдiлiгi мен сапасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының қауiпсiздiгi мен қорғалуын қамтамасыз ету. Кәсiптiк деңгейдi көтеру және қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн жоғары біліктi кадрлармен қамтамасыз ету.