Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануғарұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік жәнекоммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Төрағасының
2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 565 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 422 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күшi бар жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті Төрағасының
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 565 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе
кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру ережесi
1. Жалпы ережелер