2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 420-428 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 06.12.04 ж. № 197ае қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасы Президентінің Іс басқармасына жүктелген қызметтi сапалы және
уақытында  орындау,  қазiргi  заманғы  экономикалық  жағдайға  байланысты
кәсiби  мемлекеттік  қызметке  қойылатын  талаптарға  сәйкес  мемлекеттік
қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

421-қосымша

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Республикалық деңгейде халықтың

санитарлы-эпидемологиялық әл-аухаты"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 20441 мың теңге (жиырма миллион төрт жүз қырық бiр мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 13-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Күзетiлетiн тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N уд-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң № 813 бiрлескен бұйрығы; Күзетiлетiн тұлғалардың елiмiздiң аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бекiткен 2000 жылғы 15 мамырдағы тәртібі № 01-58/65 ҚБП; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Елiмiздiң мемлекеттік қызметшiлерi мен күзетiлетiн тұлғаларының медициналық қауiпсiздiгiн және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Елiмiздiң күзетiлетiн тұлғалары мен ресми делегацияларының сапарларының медициналық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  Жұқпалы
аурулар мен кәсiби  аурулардың  ошағын  болдырмау.  Объектiлерде  тұрақты
санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жасау.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

422-қосымша

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 826382 мың теңге (сегiз жүз жиырма алты миллион үш жүз сексен екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 25, 26 және 42-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бiрiншi кезектегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына тiркеу ережелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының 1999 жылғы 21 желтоқсандағы N УД-01/76 бұйрығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына тiркелген және қызмет көрсетiлетiн азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тiркелген құрамға біліктi және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
 
 
 
     7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Қазақстан
Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына тiркелген
және қызмет көрсетiлетiн азаматтар санаттарының ауруын төмендету.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

423-қосымша

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық

қамтамасыз ету"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 24454 мың теңге (жиырма төрт миллион төрт жүз елу төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тiркелген құрамға көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасын жақсартуға негiз болатын қазiргi заманғы медициналық технологияларды аурудың алдын алу, зерттеу және емдеу салаларына енгізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсiпорындардың жүйесiне қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

   
 
 
 
     7.  Бюджеттік  бағдарламаны  орындаудан  күтiлетiн  нәтижелер:  жаңа
технологиялар жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентi Iс  басқармасының
Медициналық  орталығына  ведомстволық  қарасты  мекемелердiң   ақпараттық
хабардар болу  деңгейiн  көтеру;  Қазақстан  Республикасы  Президентi  Іc
басқармасының Медициналық орталығының  тұрақты  қызмет  етуiн  қамтамасыз
ету; тiркелген құрамға  медициналық  қызмет  көрсетудiң  біліктілігi  мен
сапасын көтеру.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

424-қосымша

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргiзу"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 61575 мың теңге (алпыс бiр миллион бес жүз жетпiс бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 9-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенi" мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттiң әлемдегi дұрыс имиджiн нығайту. Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң қызметi туралы халықты хабардар ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республиканың имиджiн нығайту үшiн мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.