2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 420-428 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 06.12.04 ж. № 197ае қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 06.12.04 ж. № 197ае қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етемін:

1. 420, 421, 422, 423, 424, 425, 426, 427, 428-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

420-қосымша

694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Мемлекет басшысының Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың

басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 5175766 мың теңге (бес миллиард бiр жүз жетпiс бес миллион жетi жүз алпыс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 және 30-баптары; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы; "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 15 және 25-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3, 21, 22, 23, 24 және 25-баптары; "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 4 және 7-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi (Ерекше бөлiгi) Азаматтық кодекстiң 803, 804, 809, 827, 828 және 831-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған, Қазақстан Республикасы органдары жұмысшыларының еңбекақысын төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы Жарлығы; "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бiрінші кезектегi iс-шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңіл автомобильдердi пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі, оларды тапсыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгiлерi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгiлерiнiң бейнесi туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiң өзге де лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсіби шеберлiктерiн жетiлдiру мақсатында кәсiптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және тәжiрибелiк iскерлiктерiн жаңарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету бойынша жүктелген қызметiн тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 06.12.04 ж. № 197ае қаулыларымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.