Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 89 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсiн:
1) 3-тармақта:
2) тармақшада:
"лауазымдық жалақылары (ставкалары)" деген сөздерден кейiн "(ЛЖ)" деген сөзбен толықтырылсын;
"базалық лауазымдық жалақының" деген сөздерден кейiн "(БЛЖ)" деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақша мемлекеттік тілдегi мәтiнiнде мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік басқару органдарына:
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік білім беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде, мемлекеттік басқару органы белгiлеген тәртiппен материалдық көмек көрсету;";
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзілiмiнде:
G санатының тобында:
"G-1" санатында:
"сот сараптамасы," деген сөздерден кейін "сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"G-2" санатында:
екiншi абзацтағы "сот сараптамалық," деген сөздерден кейін "сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"G-3" санатының төртiншi абзацындағы және "G-4" санатының үшiншi абзацындағы "ақпаратты техникалық қорғау," деген сөздер алынып тасталсын;
"G-16" санатында:
бірiншi абзацтағы "әлеуметтiк қызметкер" деген сөздердiң алдынан "күтiм жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетiлген қаулыға 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Лауазымдық жалақыдан үстемеақылардың мөлшері" деген 4-бағанда:
"Лауазымдық жалақыдан" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 1-жолдағы "30 %-дан аспайды" деген сөздер "БЛЖ-ның 50 %-ынан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) көрсетiлген қаулыға 17-қосымшада:
тақырыбы "техникалық қорғау," деген сөздерден кейiн "ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау және олардың білiктілiгін арттыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағанның реттiк нөмiрi 2-жолындағы "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы," деген сөздерден кейiн "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау және олардың білiктілiгiн арттыру орталығы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Үстемеақылардың түрлерi" деген 3-бағанда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері";
реттік нөмiрi 2-жолдағы "еңбек жағдайлары үшiн" деген сөздерден кейiн "(мемлекеттік құпияларға жiберiлуiмен байланысты кейбір құқықтарының шектелуі және қосымша жауапкершiлiгi үшiн)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Лауазымдық жалақыдан үстемеақылардың мөлшерi" деген 4-бағанда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерi";
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "50 %-дан аспайды" деген сөздер "БЛЖ-ның 60 %-ынан аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "15 %" деген сандар "БЛЖ-ның 25 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) көрсетiлген қаулыға 18-қосымшада:
"Лауазымдық жалақыдан үстемеақылардың мөлшері" деген 4-бағанда:
"Лауазымдық жалақыдан" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 1-жолдағы "50 %-ға дейiн" деген сөздер "БЛЖ-ның 60 %-ына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "15 %" деген сандар "БЛЖ-ның 25 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) көрсетiлген қаулыға 19-қосымшада:
"Көбейтудің, қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерi" деген 4-бағанда:
реттік нөмiрi 7-жолда:
1) тармақшадағы "12-24 %" деген сандар "БЛЖ-ның 22-34%-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"10 %" деген сандар "БЛЖ-ның 20 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"20 %" деген сандар "БЛЖ-ның 30 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 8-жолда:
"25 %" деген сандар "БЛЖ-ның 35 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"10 %" деген сандар "БЛЖ-ның 20 %-ы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының