Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 2295 болып
тіркелген «Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003
жылғы 15 мамырдағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 24 желтоқсандағы № 579 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 23, 47, 48, 320-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес жіктемеге қатысты алдын ала шешім қабылдауды реттеу; кедендік құнды айқындау методологиясын қолдану; шығарылған елді айқындау методологиясын қолдану мақсатында Бұйырамын:
1. «Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 210 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда № 2295 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдеде № 30 «Ресми газетте» жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанында (бұдан әрі - Тәртіп):
мынадай мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
«5-1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері мен кедендерінің алдын ала шешім қабылдауы декларант мәлімдеген кедендік құнның мөлшері бойынша шектеледі:
кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауардың 9 400 ең аз есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды;