Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының "Күйгенжар"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 178 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Күйгенжар" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының мемлекеттік резиденциялары мен басқа да объектiлерi үшiн жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) қоғамның жарғылық капиталын 2004 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 274798000 (екі жүз жетпiс төрт миллион жетi жүз тоқсан сегiз мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының оған Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетiне иелiк ету және пайдалануға беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгеріс бекітілсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының