1. Құны: 805823 мың теңге (сегiз жүз бес миллион сегiз жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы № 774 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дарынды балаларды iздеп табу, оқуға және өз бетiнше білім алуға тұрақты дағдылануын дамыту, қоршаған ортаға гумандық көзқарасты, жеке адамның адамгершiлiк негiздерiн қалыптастыру, жан-жақты үйлесiмдi дамыған адамды тәрбиелеу. Оқу процесiн жүргiзуге жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының әр түрлi аймақтарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекiткен бағдарламалар бойынша бейiмдiк пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: терең әрi берiк білімі бар, шымыр әрi шыныққан және Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғауға қабілеттi жастарды даярлау және қалыптастыру. Оқушылардың өзiнше бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту және оларды азаматтыққа тәрбиелеу. Оқушыларды республикалық олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
197-қосымша
ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 481; 25.05.04 ж. № 583 қаулыларымен 197-қосымша өзгертілді
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Балалар мен жасөспiрiмдердi қосымша дамытудың білім
беру бағдарламаларын қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 536408 мың теңге (бec жүз отыз алты миллион төрт жүз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 19, 24, 36, 37-баптары, "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы, "СПИД ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 5153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы, "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі, "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған денешынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік саясат тұжырымдамасы" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы, Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң "Балдәурен" республикалық балалар сауықтыру лагерi" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" қаулысы, "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi туралы, "Қазақстан Республикасында денешынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуын, оқуын, тәрбиесiн, демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру, халықтың ВИЧ-тi бiлу кепiлдiгiн қамтамасыз ету, дене тәрбиесi саласында практикалық жұмысты жүзеге асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушылар және студент жастар арасында дене тәрбиесiн жетiлдiру; жеке адамның танымдық және шығармашылық ұмтылысын дамыту, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттiң мүддесi үшiн қосымша білім беру бағдарламалары мен қызмет көрсетулердi iске асыру. Дарынды балалар мен жастарды тани бiлудiң, iрiктеудiң, қолдаудың, дамытудың және білім деңгейiн қамтамасыз етудiң жүйесiн жасау, қазiргi өркениеттi түбірiмен өзгертудiң жаңа жағдайында өзiнше ойлап, әрекет етуге қабiлеттi шығармашыл адамды тәрбиелеу, дарынды балалар мен жастарды әлеуметтiк, құқықтық және интеллектуалдық қорғауды қамтамасыз ету, интеллектуалдық әлеуметтiң қалыптасуына қол ұшын беру, Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекiткен бағдарламалар бойынша оқушылар даярлау; демалыс, оқу, спорттық және сауықтыру шаралары үшiн қажеттi жағдайлар ұйымдастыру; жеке адамның өзiнше бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту азаматтыққа тәрбиелеу; балалар мен жастарды қосымша дамытудың білім бағдарламаларын icкe асыру; дарынды білім алушыларды тани бiлу; республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендiк шаралар өткізу; балалар мен жастардың мәдени демалысын ұйымдастыру; республика мектептен тыс ұйымдастыруының жұмысын үйлестiру; дарынды балалар мен жастарды iздестiру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметтi дамыту үшiн басқару жүйесiн құру; оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметiн ынталандыру; дарынды балаларды тани бiлу үшiн қажеттi жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау; білім берудегi жаңа технологияларды әзiрлеу және iске асыру.
ҚР Үкіметінің 2004.15.12. № 197ам қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жалпыға мiндеттi мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту, өскелең ұрпақтың интеллектуалдық дамуы үшiн үйлесiмдi жағдайлар жасау, олардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен дарынын, кәсiптiк орындарын табуын, мағыналы бос уақытын, демалысын қанағаттандыру. "Өзiн өзi тану" пәнi бойынша оқу-тәрбие шараларын өткізу. Дарынды балалар мен жастарды iздеп табу және олардың республикалық, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға және тағы басқаларға қатысуын ұйымдастыру, даярлау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту. Балалар мен жасөспiрiмдердiң iспен шұғылдануын көбейту, оларға ВИЧ-ке қарсы күреске моральдық қолдау көрсету, өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылар санын азайту, денсаулықтарын нығайту әрi сақтау.