Индустриялық-инновациялық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерін іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысы (ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 914 ; 2004.03.12 № 1257 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Индустриялық-инновациялық саясаттың бірiншi кезектегi мiндеттерiн iске
асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 914 ; 2004.03.12  № 1257  
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Индустриялық-инновациялық саясатты нысаналы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық саясаттың бірiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысымен

бекітілген

Индустриялық-инновациялық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерін

іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-қимыл жоспары

ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 914   (бұр. ред. қара); 2004.03.12  № 1257   (бұр. ред. қара)қаулыларымен жоспар өзгертілді