Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде iргелi ғылымның үлесiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құрылатын Кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын Кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) құрылатын Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Құрылатын Кәсiпорындарға 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын құруға рұқсат етiлсiн.
6. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының