Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысы (ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 725 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске
асыру жөнiндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287
қаулысы

(ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 725; 2005.24.02. № 169

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

"Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жылына екi рет, 30 қаңтарға және 30 шiлдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 725;  2005.24.02. № 169  (бұр. ред. қара) қаулыларымен іс-шаралар жоспары өзгертілді

 

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын

iске асыру бойынша 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары