Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 337 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 337 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 35, 375-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

2-тармақтағы "агенттiгi" деген сөзден кейiн "(келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:

"1. Паспорты" деген бөлiмде:

"Бағдарламаның мақсаты" деген жолдағы "икемдi" деген сөз алынып тасталсын;

"Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi" деген жолда:

бiрiншi абзацтағы "1 041,524" деген сандар "992,188" деген сандармен ауыстырылсын;

екiншi абзацтағы "1024,424" және "589,062 " деген сандар тиiсiнше "975,088" және "539,726" деген сандармен ауыстырылсын;

"4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi" деген бөлiмде:

"1. Бағдарламаның мақсаты" деген тараудағы "икемдi" деген сөз алынып тасталсын;

"5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген бөлiмде:

"1. Табиғи монополия салаларындағы қызметтi реттейтiн қолданыстағы құқықтық базаны жетiлдiру" деген тарауда:

3) тармақшаның үшiншi абзацындағы "жариялау" деген сөзден кейiн ", табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның қаржылық және техникалық сараптаманы тұрақты жүргiзуi" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

"5) көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополия саласына жатқызу мәніне қызмет түрлерінде арнайы экономикалық талдау жүргізуді көздейтін табиғи монополия субъектілерінің тариф түзуді жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзуi қажет. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен табиғи монополия саласына жатқызылған қызмет түрлерiн, бiрқатар жағдайларда реттелетiн қызметтердiң өздерi кеңiнен айқындайды. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көпшiлiгi қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) екi және одан да көп түрлерiн көрсетедi, бұл ретте олардың кейбiреулерi ғана реттелетiнге жатады;

6) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуi ережесін әзiрлеу қажет. Бөлектеп есепке алу реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтiк сметалар қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн шығындардың ашықтығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, бұл бiр қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) басқалардың есебiнен тоғыспалы субсидиялау, оның iшiнде шығыстардың бiр бөлiгiн реттелмейтiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) реттелетiндерге ауыстыру тәжiрибесiн тоқтатуға ықпал ететiн болады.";

"2. Тарифтiк әдiснаманы жетiлдiру" деген тарауда:

"1) Тариф түзудiң жаңа әдiстерiн енгізу" деген тармақшада:

"Орташа мерзiмдi кезеңге арналған шектi тарифтердi есептеу әдiсi" деген кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

"Тариф түзудiң жаңа қағидаттарын енгізу, бәрiнен бұрын, экономиканың "табиғи-монополиялық" секторларында реформалар жүргiзуге байланысты. Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта құрылымдау бағдарламаларын әзiрлеу табиғи монополиялар салаларының "қусырудың" және қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) қалған түрлерiн бәсекелес секторға берудiң қажеттi шарты болып табылады.";

"2) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және олардың тұтынушыларының жай-күйінің мониторингі" деген тармақшада:

бiрiншi абзацтағы "айқындау" деген сөзден кейiн "табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуi" деген сөздермен толықтырылсын;

"6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi" деген бөлiмде:

бiрiншi абзацтағы "1 041,524" деген сандар "992,188" деген сандармен ауыстырылсын;

үшiншi абзацтағы "1024,424" және "589,062" деген сандар тиiсiнше "975,088" және "539,726" деген сандармен ауыстырылсын;

"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң 2003 - 2004 жылдарға арналған тарифтiк саясатын жетiлдiру бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн қажеттi ресурстар" деген 3-кесте осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

"7. Күтiлетiн нәтижелер" деген бөлiмде:

"Табиғи монополист кәсiпорындардың өнiмi мен қызметтерiне тарифтердi өзгертудiң 2002-2004 жылдарға арналған индикативтiк болжамы" деген 4-кестеде:

"Мемлекеттік реттеуiштер" деген бағандағы "Почта қызметтерi" деген сөздер "Почта байланысының жалпыға қол жетiмдi қызметтерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

"2004 ж. желтоқсан 2003 ж. желтоқсанға қарағанда, %, болжам" деген бағандағы "103,6", "101,8", "103,5", "107,1", "108,8 деген сандар тиiсiнше "104,5", "103,8", "104,2", "109,3", "107,9" деген сандармен ауыстырылсын;

"8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:

"2004 жыл" деген кiшi бөлiм осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 18 наурыздағы № 337 қаулысына

1-қосымша

3-кесте

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын

жетiлдiрудiң 2003 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасының

мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн қажеттi ресурстар

(млн. теңге)

    
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 18 наурыздағы № 337 қаулысына

2-қосымша

2004 жыл