7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытында орындау. Қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсiби талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру, Мемлекеттік бағдарламаның негiзгi ережелерiн түсiндiру жөніндегі насихаттау жұмыстарын жүргізу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 271-1 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
274-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерiне кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 12460000 мың теңге (он екi миллиард төрт жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлетті Қазақстанға, бәсекеге қабiлеттi экономикаға, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа" атты Қазақстан халқына Жолдауы; "Қазақстан Республикасындағы тұрғын ұй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2004 жылғы 11 маусымындағы № 1388 Жарлығы; "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй саясатын iске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй құрылысын салуды бастау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Тұрғын үй саясатын iске асыру аясында тұрғын үй салуды бастау
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
275-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мырғалымсай кен орны кеніштерiн жою"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 551517 мың теңге (бec жүз елу бір миллион бес жүз он жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Кентаукеніштерiнжою" Республикалық мемлекеттік кәсiпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 қазандағы № 1488 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мырғалымсай кен орынының кеніштерiн жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мырғалымсай кен орынының кеніштерiн жою жөнiндегі жұмыстарды жүргiзу.
ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 197ааб қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тұрғын сектордың, өндiрiс пен инженерлiк жүйенiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету; бұзылу және опырылу жағдайында тұрғын үй үшiн өтемақы төлеу; опырылған жерлердi төгу және 4-деңгей жиекке сутөкпе штольнясын үңгiлеудi аяқтау; Мырғалымсай кен орыны кендерiн көму кезiнде атқарылатын жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
276-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 24000 мың теңге (жиырма төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала салу және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 28 және 29-баптары, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 9 шiлдедегі Заңы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 20 мамырдағы № 462 қаулысымен енгiзiлген толықтырулары мен өзгерістерi бар "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала салу және құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы, "Республиканың сейсмоқауiптi өңiрлеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың сейсмошыдамдылығын арттыру жөніндегі кезек күттiрмес шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 ақпандағы № 308 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүмкiн болатын талқандамалы жер сiлкiнiстерi, басқа да табиғи катаклизмалар, географиялық және техногендiк құбылыстардың сейсмикалық тәуекелi мен залалын төмендету, негіздердi есептеу және жасау әдiстерiн жетiлдiру жөнiндегі мiндеттердi iске асыру, химиялық қоспаларды, жаңа материалдарды әзiрлеу және сапалы аспаптық бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
- мүмкiн болатын талқандамалы жер сiлкiнiсiнiң сейсмикалық тәуекелi мен залалын төмендету;
- ғимараттар мен құрылыстардың шыдамдылығы мен ұзаққа төзiмдiлiгін қамтамасыз ету, оның iшiнде күрделi - геологиялық жағдайларда құрылыс үшiн ғимараттардың iргетастары мен негiздерiн тиiмдi конструктивтi шешiмдердi әзiрлеу;
- импорт алмастыратын құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру технологияларының жаңа түрлерiн алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылы басталған 3 тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтау және 7 бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді бастау. Сапалық нәтижесі: құрылыстағы нормативтік-техникалық базаны және техникалық регламенттерді жетілдіру.
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
277-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 554021 мың теңге (бec жүз елу төрт миллион жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы, "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2003-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 14 наурыздағы № 353 қаулысы, "Радиоэлектрондық приборлар мен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн құралдар әзiрлеу, жасау және дамытудың" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысы, "Ақпаратты қорғау саласында ғылыми зерттеулер мен техникалық әзiрлемелер жүргiзудiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегі № 433 қаулысы (мерзiмiн ұзарту), Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 қыркүйектегi № 1459-94 қ. қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенiн дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi өндiрiсті кеңейтудiң және бәсекеге қабiлетті машина жасау өнiмдерiн шығарудың ғылыми-техникалық және технологиялық алғы шарттарын құру, машина жасау саласы үшiн ғылымды қажетсiнетiн ресурстық және энергияны үнемдейтiн технологиялар құру, елiмiздегi жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды ғылыми қолдау, басым өнеркәсiп салалары үшiн машина жасау өнiмдерiн шығару жөніндегі технологиялық тiзбектер кешенiн құрудың ғылыми әдiстемелiк негiздерiн құру, өндiрiстi әзiрлеу, ұйымдастыру және ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн отандық приборлар-құралдар паркiн құру, толықтыру және жұмылдыру үшiн жоғары технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн радиоэлектрондық приборлар мен құралдар шығару; ғылымды қажетсiнетiн отандық өндiрiстердi дамыту және радиоэлектрондық мақсаттағы бәсекеге қабiлетті өнiм шығару; мемлекеттiң радиотехникалық саладағы қорғаныстық жеткіліктілігін қамтамасыз ету, ақпараттың құпиялығына және қорғау объектiсiнiң техникалық сипатына қатысты қорғаудың қажеттi деңгейiн айқындау үшiн ғылыми негiз; қорғалатын ақпаратқа рұқсат етусiз қол жеткізудiң барынша мүмкiн арналарын анықтау бойынша әдiстемелiктер әзiрлеу; сәулелендiрудi жабу немесе азайтудың оңтайлы және техникалық iске асырылатын әдiстерi мен құралдарын әзiрлеу; ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенiн инновациялық дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабiлетті өнiм шығару жөніндегі жаңа өндiрiстер құру және қоршаған ортаға техногендiк әсер етудi азайту.