2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.31.12. № 197ааб қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджеттік жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 274, 275, 276, 277, 278, 279 (құпия), 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
274-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органның
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 888117 мың теңге (сегіз жүз сексен сегiз миллион бір жүз он жеті мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы; "Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6 , 17-1, 21, 23, 24, 28-баптары, "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6, 14, 16-баптары, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3, 8, 21-25-баптары, "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 23, 28-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың қызметiн жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 маусымдағы № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыз № 573 Жарлығы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 32-бабы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 8 , 21-баптары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015-жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасында 1992 жылғы 21 қазанда Мәскеу қаласында жасалған сауда өкiлдiктерiнiң өзара қарым-қатынас мекемесi туралы келісім, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдiктерi туралы ереженi бекіту туралы" 1993 жылғы 2 сәуiрдегі № 1161 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы, "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы, "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiс мен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы, "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң және оны дамыту шараларының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы, "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер тiзiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1282 қаулысы, "Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы, "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысы, "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы № 1826 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 қарашадағы № 1532 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1128 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкiлдiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы, "Мемлекеттік органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзуiнiң ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі орталық аппаратының, оларға жүктелген функцияларды тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн қызметiн қамтамасыз ету; кәсiби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн ұсынылған біліктiлiк талаптарына сәйкес аумақтық және практикалық білімдi, біліктiлiктi және дағдыларды жаңарту. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi Мемлекеттік бағдарлама) негізгі ережелерiн түсiндiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң орталық және аумақтық бөлiмшелерiн аппараттарын қаржыландыру, активтер сатып алуын қамтамасыз ету. Ресей Федерациясының сыртқы сауда саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн таныту, Қазақстан Республикасы мен шетел елдерiнiң арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жәрдемдесу. Қaзақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруi процесiн қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.31.12. № 197ааб қаулыларымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді