Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 26 наурыздағы № 1320 Жарлығы
Қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының