Бухгалтерлік есеп тіркелімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 117 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 215 бұйрығымен күші жойылды
"Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 6-тармағына және "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бухгалтерлік есеп тіркелімдері бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қаржы министрінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен
бекітілді
____________________________________
ұйым
Бухгалтерлік есеп тіркеушілері
200 __ ж. ______________________
45 "Кассадағы қолда бар ақшалар" кіші бөлімі шоттарының кредиті
бойынша
№ 1 журнал-ордері