Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 264 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004
жылғы 31 наурыздағы № 264 бұйрығы

ҚР Білім және ғылым министрінің 2004.29.12. № 1056 бұйрығыменкүші жойылды

"Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.

2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ә.Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.

Министр

Ж. Құлекеев

Білім және ғылым министрінің

2004 жылғы 31 наурыздағы

№ 264 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру

ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды

ұйымдастыру және өткізудің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес әзірленген.

2. Бұл Ереже студенттерге жоғары оқу ұйымдарының барлық оқыту нысандарында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан медицина мамандығы бойынша 3 курстан кейін және барлық басқа мамандықтар бойынша 2 курстан кейін аралық аттестаттау өткізудің тәртібін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.