Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен тақырыбы және мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік мекемелер:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының