«Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысы (2008.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница
 

* - тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.

 

ҚР Үкіметінің 2005.02.03.  № 193 Қаулысымен 2-қосымшмен  толықтырылды

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 28 сәуірдегі

№ 475 қаулысымен

бекітілген

 

Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне

беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты

қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк

тiзбесiн қалыптастыру ережесi

 

1. Осы Ереже Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) қалыптастыруға бiрыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік фискалдық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.

3. Тiзбенi мүлiкпен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:

1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;

2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;

3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;

4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған мүлiкпен Тiзбенi толықтыру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;

5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң құны (мүлiктiң 1 бiрлiгi үшiн теңгемен);

6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестiгi мәнiне қорытындысы.

4. Тiзбеден мүлiктi алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:

1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;

2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;

3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетілген қорытындысы;

4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктi Тiзбеден алып тастау қажеттiгi туралы қорытындысы;

5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестігі мәнiне қорытындысы.

5. Уәкілеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтінiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден мүлiктi алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.

6. Өтінiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн табыс еткен жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтінiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.