Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004
жылғы 12 сәуірдегі № 06-2-2/131 бұйырығы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2008.22.08. № 01-08/142 Бұйрығымен күші жойылды
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған спорт атақтары мен разрядтарды беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.
2. Бұқаралық спорт жұмыстары басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Төрағаның м.а.
Қазақстан Республикасының Туризм және
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а.
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты
бекіту туралы" № 06-2-2/131
бұйрығымен бекітілген
Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы спорт атақтары мен разрядтар беру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) спортшылардың шеберлік деңгейін бірыңғай бағалауды қамтамасыз ету мақсатында спорт атақтары мен разрядтар берудің ресімдері мен шарттарын айқындайды.
2. Спорт атақтары мен разрядтар дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқару органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен "Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесіне" сай беріледі.
3. Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесі (бұдан әрі жіктеме) - спорт түрлері бойынша спортшылардың шеберлік деңгейін анықтайтын спорт атақтарының, разрядтардың жүйесі. Жіктеме 4 жылдық (олимпиадалық) кезеңге бекітіледі. Уәкілетті орган спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі - федерациялар) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында спорт түрінің дамуына байланысты Жіктемеге тиісті өзгерістер енгізеді.