«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 134-ө өкімі (күші жойылды)

"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 134-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

1. Қоса берiлiп отырған "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзсiн;

2) екi ай мерзiмде "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабардар етсiн.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2004 жылғы 5 мамырдағы

№ 134 өкімімен

бекітілген

"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан

Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан

Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің

тiзбесi