Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 543 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы
Үкіметінiң арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты
ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк келісімге
қол қою туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 543 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк келісімнiң жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов