Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 173-ө өкімі (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске
асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 173-ө өкімі

ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды

1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Тiзбеге сәйкес белгiленген мерзiмде:

1) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн;

2) ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өздерi әзiрлеген немесе қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне 2005 жылдың аяғына дейiн сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.

4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің Басшысына жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2004 жылғы 9 маусымдағы

№ 173-ө өкімімен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексiн iске

асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк

құқықтық кесiмдердiң тiзбесi