№ 1577 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бектіту туралы" Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрінің 2001 жылғы 9 шiлдедегi № 548
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8
мамырдағы № 266 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде № 1118 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің 2001 жылғы 9 шiлдедегi № 548 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу реестрiнде № 1577 болып тiркелген, 2001 жылғы тамыз айындағы № 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 411 бұйрығымен өзгерiс пен толықтыру енгiзiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу реестрiнде № 1916 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiнде:
1) 2-тармақта "жалпы орта, орта кәсiптiк білімi" деген сөздер "жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және кәсiптiк жоғары білімi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "психологиялық" деген сөз "психофизиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: