Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына
қабылдау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2001 ж. 9 шілдедегі № 548 бұйрығы
(2007.09.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекітілсiн.
ҚР Ішкі істер министрінің 2008.09.06. № 211 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы № 316 «Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекіту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
| Ішкі істер министрі
| Б. Искаков |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-Министрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
жоғары оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI