№ 2141 тіркелген «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 535 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен күші жойылды
Кандидаттық емтихандарды өткізу рәсімдерін және диссертацияларды алдын ала сарапталуды реттеу мақсатында бұйырамын:
1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» журналында жарияланған, 2003 жыл, № 15, 842-б.) «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: