Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" және "Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын
iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі № 205-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын iске асыру мақсатында ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.