Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 788 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 23 шілдедегі № 788 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.27.11. № 1125 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 265-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес № 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшілерiн заттай мүлiкпен, арнайы киіммен, жылы заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету нормасымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 23 шілдедегі

№ 788 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2000 жылғы 19 мамырдағы

№ 762 қаулысымен

Бекітілген

№ 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде

халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен

бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен, арнайы киіммен, жылы

заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын

жабдықтарымен қамтамасыз етудiң нормасы

   
 

* Осы норма бойынша офицерлер, прапорщиктер, келісім-шарт бойынша және мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi қамтамасыз етiледi.

** Осы мүлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң мүкәммал мүлкі болып табылады және жеке құрамның тізімдік санына беріледі.

*** Міндеттерді орындау өңіріне байланысты түсін айқындау.

Ескерту:

1. Жүннен тоқылған свитер, жылы іш киім мен жүннен тоқылған қолғаптар суық климатты және суық климатты аудандарға теңестірілген аудандарда беріледі.

2. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі.

3. Тізеқаптар мен шынтаққаптар бөлімшелер мен бөлімдер жеке құрамының 50% әскери қызметшілеріне, ал инженерлік-саперлік бөлімшелер мен бөлімдер әскери қызметшілер жеке құрамының 100%-ына беріледі.

4. Қалқанымен титанды дулыға инженерлiк-саперлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiне берiледi.

5. Бандана (таңғыш), күннен-шаңнан қорғайтын және күннен қорғайтын көзiлдiрiктер ыстық климатты аудандарда берiледi, күннен қорғайтын көзiлдiрiктер тауларда және тұрақты қар басқан аудандарда берiлсiн.

6. Секiруге арналған бәтеңкелер парашютпен секiретiн әскери қызметшiлерге берiледi.

7. Алюминдi фляга мен флягаға арналған тыс ыстық климатты аудандарда беріледi.

8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнде кевларлы дулығамен, қалқаны бар титанды дулығамен, кевларлы броньды беренмен, тізеқаптармен, шынтаққаптармен, кевларлы дулығаға тыспен қамтамасыз етудi инженерлiк қызмет, ал құрастырылған бақырмен, бақырға арналған тыспен, алюминдi флягамен және флягаға арналған тыспен қамтамасыз етудi азық-түлiк қызметi жүзеге асырады.