Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2656 нөмірмен тіркелген «Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 299-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2656 нөмірмен тіркелген
«Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26
желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі №
299-НҚ бұйрығы

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. «Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, «Ресми газетте» 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 4 (161) жарияланған бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесінде:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың 5 пайызынан асатын тарифтік сметаның бап бойынша орындалмауы;";

21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) қолдану кезеңінде алған табысты анықтау үшін, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледі:

                       Т х V - (П + 0,5 х А)
             Тшек. = ------------------------ , мұндағы
                                  V

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.