Кеден төлемдері мен салықтарының бюджетке түсуін есепке алу ережесінбекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігітөрағасының 2004 жылғы 8 шілдедегі № 300 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кеден төлемдері мен салықтарының бюджетке түсуін есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары М.Е. Аманбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.