"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір
жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 223-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министрдің