Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29  желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен   2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-тармақ "негiзiнде" деген сөздің алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары";

2) 2-тармақ "бекітілсiн" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес";

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде:

G санаты тобында:

"G-1" санаты ", сауда өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;

"G-2" санаты ", сауда өкiлiнiң орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;

4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 19 тамыздағы

№ 867 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 11 қаңтардағы

№ 41 қаулысына

23-қосымша

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің

қызметкерлері лауазымдық жалақыларының

Схемасы