Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы (2006.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы

(2006.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақтың екiнші абзацындағы», ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақтың үшiншi абзацындағы «17» деген сан «28» деген санмен ауыстырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 797 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 1038 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

ҚР Үкіметінің 2006.22.08. № 797 Қаулысымен құрамы күшін жойды (бұр. ред. қара)