"Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік
тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 27 тамыздағы № 243-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.