Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 913 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi
№ 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 913
қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегі № 713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 21, 222-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

4-тармақ алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасында:

"Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының