"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлiк
меншiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңын
iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 244-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.