2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты
дамыту туралы негізгі келісімге
хаттама
Хаттама жобасы ҚР Үкіметінің 03.09.04 ж. № 930 қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі (бұдан әрi «Тараптар» деп аталады),
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімдi (бұдан әрi «Негізгі келісім» деп аталады) негізге ала отырып,
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу жөнiндегі жоспарларды уақытылы және табысты iске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келiстi:
Негізгi келісімге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры мұнай тасымалдаудың халықаралық жүйесi болып табылады.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының техникалық бiртектілігiн және оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жобалауға, жобаны басқаруға, салуға, пайдалануға арналған келісім-шарттарды (шарттарды, келісімдердi) жасасқан кезде Тараптар мұнай және газ өнеркәсiбiнде халықаралық танылған болып табылатын жалпы танылған техникалық ерекшелiктердi қолдануға келiседi.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: