№ 1718 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚАЖ
комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізутуралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 246 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 24 мамырдағы № 194 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 153 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 29 мамырда № 2877 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде № 1718 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетені» журналында жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 543-құжат) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін: