"Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк
тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 283-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi Тiзбе) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдар Тiзбеге сәйкес белгіленген мерзiмдерде:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн;
2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Yкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 283-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк
тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004
жылғы 6 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi